ДСМ тегін дәрі-дәрмек жеткізілмеген жағдайда шағым түсіруге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесінде кідірістер болған жағдайда шағым түсіруге шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Елжан Біртановқа тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жеткізілмеген дәрі-дәрмектерге қатысты көптеген өтініштер келуіне байланысты осындай фактілерді айқындау мақсатында ДСМ елдің барлық өңірінде тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтуды талдау және мониторинг жүргізуді бастады», - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі диспансерлік есепте тұратын, бірақ 2017 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін министрліктің №786 бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес тегін дәрі-дәрмек алмағандардың барлығынан аты-жөнін, ЖСН, байланыс телефонын, қаласы мен емхана нөмірін көрсете отырып, [email protected] мекенжайына хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетелік, жуырда Астана денсаулық сақтау басқармасы «Гиппократ» дәріханалар желісі қызметінен бас тартып, тегін дәрі-дәрмекті мемлекеттік емханалар арқылы беруге шешім қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар