Допты хоккей: Венгриямен ойнайтын Қазақстанның құрамы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Хабаровск қаласында допты хоккейден кезекті әлем чемпионатында Венгриямен ойнайтын Қазақстанның құрамы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік додаға баратын құрамымыз мынадай:

Қақпашылар: Нариман Такиров, Андрей Рейн

Қорғаушылар: Денис Максименко, Иван Козлов, Максим Рязанов, Анатолий Голубков.

Жартылай қорғаушылар: Василий Жаукенов, Ескендір Нұғманов, Руслан Галяутдинов, Антон Қадіржанов, Дмитрий Завидовский, Артем Вшивков, Евгений Леонов.

Шабуылшылар: Рауан Иссалиев, Виктор Чернышов, Максим Өтебалиев.

Ойын бүгін Астана уақытымен 9:00-де басталады. Ал ертең, яғни 30 қаңтарда отандастарымыз АҚШ-пен, 31 қаңтарда Германия құрамасымен ойнайды.

Егер өз тобында қазақстандықтар үздік шықса, онда күштілердің А тобында (Швеция, Ресей, Финляндия, Норвегия) соңғы, төртінші орынға ие болған командамен 2 ақпан күні ширек финалдық бәсекесін өткізеді. Онда жеңсе, жүлде үшін таласады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жерлестеріміз әлем біріншілігінің алты мәрте қола жүлдегері атанған. Қазақстан құрамасы үшін өткен жылғы дода сәтсіз болған еді. Швецияның Сандвикен қаласында өткен чемпионатта Қазақстан құрамасы ширек финалда өздерінің басты қарсыласы - Норвегия елінің өкілдерін 4:0 есебімен жеңіп тұрып, ұтылып қалған-ды.

Сөйтіп үнемі жүлде үшін таласқа түсетін қазақстандықтар мұндай мүмкіндіктен айырылып қалған болатын. Биыл И.Хандаевтың шәкірттері сол олқылықтың орнын толтыру үшін күш салады.

Соңғы жаңалықтар