Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Сенбі күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» «Стеновик» стадионында Екатеринбургтың «СКА-Свердловск» командасын қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ойынның 14-минутында оралдық Петр Грибанов есеп ашса, екінші таймда ресейлік легионер Сергей Гаврилов 2:0-ге жеткізді. Бұдан кейін қонақтардың капитаны Сергей Алексейкин есепті қысқартқанымен, «Ақжайықтың» сұрмергені Сергей Башаев екі голдың авторы атанды. Меймандардың (Евгений Быков) ойын  соңына таман есепті қысқартуға ғана шамасы келді.

Жексенбі күні қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Осымен өз айдынында жетінші мәрте қатарынан жеңіске жеткен «Ақжайық» 31 ұпаймен бұрынғысынша өз тобында екінші орында келеді.

Соңғы жаңалықтар