Допты хоккей: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ қола жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Допты хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресейдің Ульяновск қаласында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 17 жасқа дейінгілер арасындағы дүниежүзілік додада қазақстандықтар жартылай финалда әлемдегі мықтылардың бірі - Швеция құрамасына 0:6 есебімен есе жіберді.

null
Қола жүлде үшін бәсекеде бүгін Данияр Молдашев жаттықтыратын қазақстандықтар Финляндия құрамасымен айдынға шықты. Бұл ойында қазақстандықтар финдерді бет қаратпай, 5:1 есебімен ұтты. Әсіресе, Дәурен Оралов төрт бірдей голдың авторы атанып, айрықша көзге түсті. Тағы бір допты Ершат Амангелдиев соқса, бұған финдерден Кевин Ларссон жалғыз голмен жауап қайырды.

Алтын жүлде үшін финалда Ресей мен Швеция құрамалары таласады.

Айта кетейік, Қазақстан командасы «Ақжайықтың» жасөспірім ойыншыларынан құралды. Бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1998 жылы Оралда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді. Осы үздік жетістік жиырма жылдан кейін қайталанып отыр.

Соңғы жаңалықтар