Допты хоккей: «Ақжайық» тартысты матчта Қазанда тең ойнады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Қазанда «Динамо-Қазан-2» командасымен айдынға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Аса тартысты өткен кездесу барысында оралдықтар 3:2 есебімен алға шықты. Одан кейін қазандықтар басымдылық көрсеткенімен, «Ақжайық» таразы басын теңестіре алды. Айдын иелері 82-минутта тағы бір гол соққанымен, оралдықтар 90-минутта есепті қайта теңестірді. Сөйтіп, қос команда 7:7 есебімен тең тарқасты.
Бұл ойында «Ақжайықтан» Сұлтан Қадыржанов хет-триктің авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев екі, Андрей Гущин мен Қуаныш Темірәлин бір-бір голдан соқты.
18 ақпанда қос команда екінші кездесуін өткізеді.
Еске сала кетейік, ресейлік маман Владимир Кожевников жаттықтыратын батысқазақстандық клуб екінші топта 30 ұпаймен бұрынғыша төртінші орында келеді.

Соңғы жаңалықтар