Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 21 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын ұтты

2018 жылғы 14 қаңтар 22:30 1055
Бөлісіңіз:
Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын ұтты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың кезекті ойынында Оралдың «Ақжайығы» «СКА-Свердловск» (Екатеринбург) командасын қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Стеновик» стадионында өткен кездесу біршама тартысты өрбіді. Бірінші таймда «Ақжайықтың» құрамындағы ресейлік легионер Сергей Пантеевтің қос голына қонақтардан Никита Нелеп бір доппен жауап қайырды. Матчтың екінші кезеңінде Евгений Быков таразы басын теңестіргенімен, Еламан Әліпқалиев 70-минутта «Ақжайықты» қайта алға шығарды. 80-минутта команда капитаны Максим Өтебалиев кездесу нүктесін қойды. Ойын барысында Болат Мұхит 12 метрлік айып добын орындауда мүлт кеткенімен, «Ақжайық» 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазіргі кезде ресейлік маман Владимир Кожевников жаттықтыратын оралдық команда екінші топта 14 ұпаймен төртінші орынға шықты.

Айта кетейік, 15 қаңтар күні қос команда «Стеновик» стадионында екінші кездесуін өткізеді.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат