Дональд Трамптың рейтингі 1945 жылғы деңгейге түсіп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалықтар Дональд Трамптың ел президенті қызметіне кіріскен алғашқы 100 күндегі жұмысына өз бағаларын берді. 

Президенттің жұмысына риза болғандардың рейтингі 1945 жылдан бері ең төменгі болды, деп хабарлайды RT  ABC News және The Washington Post үшін сауалнама өткізген Langer Research Associates компаниясына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, сауалнама барысында америкалықтардың 42 пайызы Трамптың Ақ үйдің басшысы қызметіндегі алғашқы қадамдарын оң бағалайтынын айтса, респонденттердің 52 пайызы кері пікір білдірген.

Бұл ретте, жекелеген салаларда Трамптың рейтингі әлдеқайда жоғары болған. Мәселен, оның америкалықтар үшін жұмыс орындарын құру бағытындағы саясатын сауалнамаға қатысушылардың 73 пайызы қолдады.

Атап өтілгендей, АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың алғашқы 100 күндегі жұмысына америкалықтардың 69 пайызы ризалықтарын білдірген.

Соңғы жаңалықтар