Дональд Трамптың баспасөз хатшысы отставкаға өтініш берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Шон Спайсер отставкаға кетуге өтініш берді. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап The New York Times хабарлады.

Басылымның жазуынша, Шон Спайсер АҚШ басшысы Дональд Трамппен кадрлық мәселелер бойынша келіспеушіліктен кейін қызметінен кетуді шешкен.

Ол қаржыгер Энтони Скарамуччидің Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры болып тағайындалуына қарсы болған. Трамп Спайсерге баспасөз хатшысы қызметінде қалуды ұсынған, бірақ ол одан бас тартып, Скарамуччидің тағайындалуын «үлкен қателік» деп атады.

Шон Спайсер Америка президентінің баспасөз хатшысы қызметіне 2017 жылдың 20 қаңтарында тағайындалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар