Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевпен алдағы кездесуі жайында айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясындағы бірлескен іс-шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсенбіде АҚШ Президентінің Фейсбуктегі ресми парақшасында Дональд Трамптың 16 қаңтардағы жұмыс кестесі жарияланды.

Бекітілген күнтәртібіне сәйкес, алдымен АҚШ Президенті Қазақстан Президентімен кездеседі. Жүздесу аяқталған соң Мемлекеттер басшылары БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдемесін жариялайды.
Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының құрметіне орай Дональд Трамп Қазақстан Президентіне іскерлік түскі асын береді.

Соңғы жаңалықтар