Дональд Трамп «Ислам мемлекеті» ұйымын жер бетінен жоюды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президені Дональд Трамп Лэнглидегі Орталық барлау басқармасының штаб-пәтерінде болды», деп хабарлайды Reuters.

Ол өзінің барлау қызметінің өкілдеріне қарата айтқан сөзінде ол бұл салада тек «қолынан іс келетін» ерекше адамдар ғана жұмыс істеуі қажеттігін айтты. Сонымен қатар Ресей мен АҚШ-та және өзге де мемлекеттерді қызметіне тыйым салынған «Ислам мемлекеті» ұйымын жою қажеттігін тағы бір ескертті. 

«Ислам мемлекеті» ұйымынан біржолата құтылу керек, бізде басқа жол жоқ. Радикалды ислам жер бетінен жойылуы тиіс»,-деді Дональд Трамп.

Оның сөзінше, АҚШ терроризммен күресте «нақты мүмкіндіктерді» қолдана алған жоқ.

Айта кетейік, жұма күні АҚШ-тың президенті ауысты. Демократ Барак Обаманың орнына республикашыл, бұрынғы құрылыс магнаты Дональд Трамп келді.

Соңғы жаңалықтар