Домкрат тайып кетіп, жүргізуші көлік астында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Домкраттан тайып кеткен жүк көлігі Белоруссиядағы Ляхович ауданының тұрғынын басып қалды. Жүргізуші оқиға орнында мерт болды. 

Бұл туралы  Брест облыстық атқару комитеті ІІД ресми өкілі Сергей Дученко БЕЛТА-ға хабарлаған.

Оқыс жағдай 4 желтоқсан күні Головнинцы елді мекеніндегі шеберхана ауласында болған. 1960 жылы туған жүргізуші бокстың ішінде өзінің қызметтік МАЗ жүк көлігін жөндеп жатқан. Дөңгелек ауыстырып жатқан ол, монтировкаға қол созамын дегенде, денесімен домкратты іліп кеткен. Жүк көлігі оның үстіне құлап, жүргізуші  абайсызда ажал құшты. 

Қазір аталған оқиға тексеріліп жатыр. Құқық қорғау қызметкерлері өндірістік оқиғаның мән-жайын жан-жақты саралау үстінде.

Соңғы жаңалықтар