Доллардың бағамы 1,6 теңгеге түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары және қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 325,27 (-1,61 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 57 450 мың USD (+19 150 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі Т+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 47,4700 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 47,5100 теңгені құрады.

 

Соңғы жаңалықтар