Доллар бағамы арзандады - KASE

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 335,44 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 0,51 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 335,25 теңге деңгейінде болса, ең жоғары бағам 336 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 42,9 млн доллар болды.

Айта кетейік, 23 қазанда доллардың бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 335,95 теңге, күндізгі сессияда 336,12 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 336,05 теңге болған. 

Соңғы жаңалықтар