Доллар 345 теңгеге дейін қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күнгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі және күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 1 долларға 344,88 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ке сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, доллар бағамы 1,67 теңгеге артты. Сессия барысында төменгі көрсеткіште 1 доллардың бағамы 343,9 теңге, ал, жоғарғы көрсеткіш - 345,37 теңге. Сауда-саттық көлемі 120,85 млн доллар.

Сәрсенбіде таңертеңгі сессиясының нәтижесі бойынша 1 доллар 343,21 теңге, күндізгі - 343,75 теңге, екі сессия қорытындысы - 343,61 теңгені құрады. Кешегі күнгі сауда-саттықтың жалпы көлемі 139,9 млн долларға жетті.     

Соңғы жаңалықтар