Дмитрий Рейхерд могулдан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд өз спорттық мансабында тұңғыш рет могулдан әлем кубогының жалпы есебі бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Дмитрий Рейхерд могулдан әлем кубогының қорытындысы бойынша 585 ұпай еншілеген. Нәтижесінде ол күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал бас жүлдені канадалық Микаэль Кингсберри қанжығасына байлады. Ол 940 ұпай еншіледі. Үздік үштікті жапониялық Икума Хоришима қорытындылады (441 ұпай). Тағы бір отандасымыз Павел Колмаков 153 ұпаймен 15-ші орында тұрақтады.

Әйелдер рейтингісінде Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева (420 ұпай) алтыншы сатыда жайғасты. Бірінші орында франциялық Перрин Ляфонт - 607.

Соңғы жаңалықтар