Дмитрий Медведев Шымбұлақта болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Премьер-Министрі Дмитрий Медведев Instagram желісіне Шымбұлақ пен Медеу мұзайдынынан 5 сурет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзі жариялаған постта ол Алматы тауларының әсемдігін көрсетті. Ресей үкіметінің басшысы сонымен қатар шаңғының суретін жариялады. Бұл сурет аспалы жолдан түсірілген.

Айта кетейік, Дмитрий Медведев 2 ақпанда өзге елдердің үкімет басшыларымен бірге Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысып, «Жаһандану дәуіріндегі цифрландыру күн тәртібі» атты халықаралық форумда сөз сөйледі.

Публикация от Дмитрий Медведев (@damedvedev) Фев 3, 2018 at 10:51 PST

Соңғы жаңалықтар