Дмитрий Медведев Кейкі батыр мен Кенесары ханның бас сүйегін Астанаға қайтарып беру жағын қарастыруға уәде берді

None
None
СОЧИ. ҚазАқпарат - РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведев Қазақстанның өтініші бойынша ұлт азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі Кейкі батырдың бас сүйегін қайтаруға қатысты көтерілген мәселені қарастыратынын айтып, уәде берді. Д.Медведевпен кездесуде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «дәстүрлі» сұрақтардан бөлек мәселе көтерді, деп хабарлады Интерфакс.

Қазақстан Үкіметінің басшысы тарихтағы 100 жылдықта екі ел арасында көптеген оқиға бастан өткенін айтып, соның ішінде 1917 жылға ерекше тоқталды. 

«Бізде бір мәселе бар. Менің сізден сұрар өтінішім: сол кезеңде ұлт азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі болған Кейкі батырдың РҒА Ұлы Петр атындағы антропология және этнография мұражайындағы бас сүйегі туралы мәселенің анық-қанығын біліп беруге тапсырма берсеңіз. Оның сүйегін Қазақстан топырағында жерлеу үшін қайтарып беру мәселесінің шешемін табу мүмкіндігін қарастырсақ», - деді К.Мәсімов.

Ол бұл мәселе қазақтар үшін өте маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап тағы бір ұлт азаттық көтеріліс жетекшісі Кенесары ханның бас сүйегін отанына қайтару мәселесін көтерді.

Ресей премьері бұл сұрақты реттеуге атсалысатынын айтып, уәде берді.

«Күмәнданбаңыз, мен ауызша, керек болса, хат жүзінде бұл мәселе туралы тапсырма беремін, сосын сізбен телефон арқылы хабарласып, ортақ шешім қабылдаймыз», - деді Д.Медведев.

Соңғы жаңалықтар