Дисквалификацияланған ресейлік ауыр атлеттер Қазақстан азаматтығын алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Допинг үшін спорттан шеттетілген Ресейдің төрт ауыр атлеті Қазақстан азаматтығын алуға ниетті, деп хабарлайды Sports.kz.

2015 жылғы Еуропа чемпионатының жүлдегері Надежда Лихачёва, 2017 жылғы Ресей жасөспірімдер біріншілігінің жүлдегері Мария Андреева, 2014 жылы жасөспірімдер арасында чемпион болған Денис Кехтер және 2014 жылы өткен Жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Лариса Кобелева бапкерлері Назип Шигаповпен бірге жыл басында Қазақстанға көшіп келген. Және championat.com-ның хабарлауынша, азаматтық алуға өтініш берген. Қазір олар оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан Алматы облысының Текелі қаласында тұрады.

Айта кететін жәйт, Кехтер мен Кобелева қазіргі уақытта допинг қолданғаны үшін төрт жылдық (2019 жылдың көктемінде аяқталады) дисквалификацияны өтеуде. 

Соңғы жаңалықтар