«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша шарт талаптарын орындамаған жас маман сотқа тартылды

None
None
АҚТӨБЕ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі Қобда ауданының жас маманына қатысты сотқа талап-арыз берді.

Жас әйел «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде шарт бойынша белгіленген мерзімді толығымен өтемей, жұмыстан шығып кеткен. Қобда ауданының соты арызданушының көтерме ақша сомасын өндіріп алу жөніндегі талабын орындады.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, 2009 жылдың қыркүйек айында жауапкер мен арызданушының арасында келісім-шарт жасалған. Аталған шартқа сәйкес жас маман Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің балабақшасында 5 жыл тәрбиеші болып еңбек етуі тиіс еді. Соған байланысты оған 90 720 теңге көлемінде көтерме ақша бөлінген. Алайда, жауапкер шарт талаптарын бұзып, балабақшада 3 жыл жұмыс істегеннен кейін жұмыстан шығып кеткен.

Сот тараптарды тыңдап, материалдарды зерттеп, арызданушының талабын орындау шешімін қабылдады. Енді тәрбиешіге үкіметтің берген ақшасын қайтарып беруге тура келеді. Шешім заңды күшіне енген жоқ, жауапкер сот үкімін бұздыруға шағым беруге құқылы.

Соңғы жаңалықтар