Дипломаттар Тайландта ұсталған қазақстандықпен байланысқа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дипломаттар Тайландта ұсталған қазақстандықпен байланыстқа шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тайланд билігі тарапынан Қазақстан азаматы Арман Шегеловтің Тайланд Корольдігінде қаржылық құқықбұзушылықтар жасауға күдікті ретінде ұсталғаны туралы хабардар етілді. Қазақстанның Тайландтағы елшілігінің консулдық бөлімі ұсталған азаматпен және оның туыстарымен, сондай-ақ сол елдің полициясымен байланыс орнатты», - делінеді хабарламада.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұрын БАҚ-та Паттайяда қолдан жасалған банк карталарын пайдалануға күдікті ретінде үш шетелдіктің ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Ұсталғандар Ресей, Қазақстан және Болгария азаматтары болған.

Соңғы жаңалықтар