Діни бірлестіктерді тексеру үшін ІІМ қызметі кеңейтілуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда діни қызметке қатысты қылмыстардың алдын алу үшін ішкі істер органдарының құзыреті кеңейту ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Парламент Мәжілісінде ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасы таныстырылды.

«Заң жобасы мемлекеттік органдардың құзыретін өзгерту бойынша бірнеше нормаларды қамтиды. Біріншіден, діни бірлестік қызметін тексеру жолымен бақылауды іске асыру мақсатында өкілетті органға тиісті құзырет беру ескерілген. Шын мәнінде бүгінде осындай мемлекеттік бақылау жүргізілуде», - деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министрдің атап өтуінше, заң жобасында Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетіне жаңа өкілеттік беру қарастырылған.

Осы орайда сотталғандармен теологиялық сауықтыру қызметтері жұмысының ережесін ҚАЖ комитетімен бекіту ұсынылған. Бүгінде бұл қызметтер жұмыс істеп жатыр, алайда бұл шаралардың құқықтық регламентациясы ескерілмеген.

Сонымен қатар Н. Ермекбаев ұсынылып отырған толықтырулар діни қызметке байланысты қылмыстың алдын алу бойынша ІІМ-нің қызметтерін кеңейтуді қарастыратынын атап өтті.

Осы норманы ескере отырып, полицейлер қылмыс жасауы мүмкін күдікті адамдарға ашық бақылауды белгілей алады. Егер де аталған адамдардың іс-қимылы әкімшілік құқықбұзушылыққа алып келетін болса, полиция оларға ресми ескерту айта алады.

«Ал бұл адамдардың іс-қимылы бұдан да ауыр қылмысқа апаруы мүмкін болса, онда полиция оларды тіркеп, тиісті тергеу амалдарын жүргізе алады», - деді Н. Ермекбаев.

Соңғы жаңалықтар