Динара Садуақасова 35 оқушымен бір мезгілде шахмат ойнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова Астанадағы № 59 мектеп-лицейдің оқушылары үшін бір мезгілді шахмат ойынының сеансын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Турнирге 7 мен 17 жас аралығындағы 35 оқушы қатысты. Барлығы жақсы ойын өрнегін көрсетті.

Динара балалардың шахматқа деген зор қызығушылығын атап өтті және алдағы уақытта олардың үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде оқушылар Әлем чемпионына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ аталмыш № 59 мектеп-лицейде жақын арада Динара Садуақасованың шахмат академиясы филиалының ашылатындығы белгілі болды.

null 

Соңғы жаңалықтар