Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері қарастырылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы биылғы Жолдауында дін саласында орын алып отырған ахуалға тоқтала отырып, қоғамда орын алып отырған діни радикализмнің алдын алуға ерекше мән берді.

Онда «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек.

Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет.

Осы шараның бәрі менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс» деп жазылған.

 Елбасы Жолдауына сәйкес, бұл салада Министрлік бірқатар іс-шаралар атқарып келеді. Осы орайда, мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимылдың өзіндік қазақстандық моделін жасау шаралары қабылданғандығын айта кеткен жөн. Бұл модель ұлттық әдет-ғұрыпқа, заманауи шындыққа, діни қағидалардың жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуді қажет етеді. Жаңа моделдің идеологиялық негізі «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрініс табады деп күтілуде.

Үкімет деңгейінде Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру жүйесі ұйымдастырылды. Мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді мониторинг жасау, түсіндіру, оңалту жұмыстары жасалды.

Жалпы мемлекет діни бірлестіктер және азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда.

Осы ретте министрліктің өз құзіреті шеңберінде атқарып отырған жұмыстарын айтпай кетуге болмайды. Жұмыс жоспарына сәйкес, минстрлік интернет-ресурстарға мониторинг жүргізіп, интернет кеңістігінде деструктивті діни идеялардың насихатталуының және таралуының анықтау және алдын алу бағытында оңтаулы жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, айта кетейік,  2017 жылдың І-тоқсанында 1600-ден астам интернет-ресурстардағы материалдарға дінтанулық сараптама жасалып, 527 теріс діни материалдар анықталды.

Үкіметтік емес ұйымдардың ішінде деструктивті ағымдардың жетегінде жүрген азаматтармен жұмыс жүргізетін 28 ұйымды құрайтын оңалту орталықтары мен өңірлік желілердің қатысуымен жобалар іске асырылуда. Олар деструктивті діни ағымдардың жетекшілері мен белсенділерімен жеке кездесулер өткізеді. Одан бөлек құқық қорғау органдары мен әкімшілік қызметкерлеріне дәрістер және семинарлар өткізіп отырады.

Жалпы профилактика шеңберінде азаматтардың сауаттылығы мен ақпараттандырылуы қамтамасыз етіледі. Еліміз бойынша 306 арнайы ақпараттық-түсіндіру топтар жұмыс жасайды. Олардың құрамында 3,5 мыңнан астам адам бар. «114 - Сенім телефоны» тәулік бойы  қызмет көрсететін консультативтік орталығы азаматтарға үлкен көмек көрсетеді.

Жалпы, қабылданған шаралар дін саласындағы жағдайды сауықтыруға айтарлықтай ықпал етуде.

Соңғы жаңалықтар