Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне тосын сый жасамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әншінің туған күні қарсаңында ерекше  тосын сый жасамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Guardians деп аталатын қытайлық жанкүйерлер тобы Димашқа деген құрметін оның туған күні қарсаңында Астанадағы үлкен LED экрандар арқылы жеткізбек. Олардың айтуынша, бұл шара қазіргі таңда Астанадағы көрнекті LED экрандармен келісіліп қойған.
null 

«Димаш Құдайбергенге деген қытайлық жанкүйерлердің ықыласы шексіз. Оның өнерін жоғары бағалайды. Мен де  вейбо желісінде құрылған  Guardians жанкүйерлер тобының мүшесімін. Сондағы фанаттардың ұсынысымен Димаштың туған күнінде Қазақстан астанасындағы үлкен экрандар арқылы құттықтау жолдауды шештік. Мен Астанадағы ең көрнекті LED экрандардың бәрімен келісіп қойдым. Онда Димашты құттықтаған арнайы бейнеролик күні бойы айналып тұратын болады. Бұл Димаштың өнерін бағалайтын жандардың сыйлығы деп білерсіздер», - дейді ЕҰУ-дың студенті Ақеділ Нұрболатұлы.

Еске сала кетейік, Димаш «Singer» байқауындағы ерекше талантымен көзге түсіп, Қытайда ерекше танымалдылыққа ие болды. Жас талант 23 наурыз күні Шаңхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасының «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша, 9 сәуір күні Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды.

Соңғы жаңалықтар