Димаштың суреті Men's Health журналының мұқабасына басылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті мұқабасына жарияланған қытайлық Men's Health журналының наурыз айындағы саны сатылымға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журнал қытайдың интернет дүкендерінде 1 наурыздан бастап сатыла бастады. Оның бір данасының бағасы 20 юань (920 теңге). Димаштың жанкүйерлері журналды белсенді түрде сатып алып жатыр, деп хабарлайды Қытайлық БАҚ.
 
null 

Айта кетерлігі, Димаш журналдың фотосессиясында Mitsubishi автокөлігінің жарнамасын жасаған. 
null

Men's Health журналы - Қытайдың Fashion media компаниясының Америкалық Rodale Group компаниясымен бірлесіп шығаратын ай сайынғы ерлер журналы. Бұнда ерлердің денсаулығы, тұрмыстық кеңестер, сән және мода, спорт және машина сияқты мазмұндағы материалдар басылады. Қытайда алғашқы саны 2003 жылы мамыр айында жарық көрген.

null 

Соңғы жаңалықтар