Димаштың қытайлық жанкүйер қыздардан қашып бара жатқан видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қытайдың Sina Weibo әлеуметтік желісінде Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлерден қашып бара жатқан видеосы жарияланды.

Бейнежазба Димаштың кезекті түсірілімге барған кездегі, Шаңша қаласының әуежайында түсірілгені белгілі болды. Онда, өзінің келуін асыға күткен жанкүйерлердің көптігінен сасқан Димаштың қаша жөнелгенін байқауға болады. Алайда фанаттары оны алысқа жібермеді. Қашып құтылмасын білген  Димаш жылы жымиып, олармен суретке түсуге мәжбүр болды.
 

«Ерекше қорқынышты. Өзімше, Димаштың жанына барып оны қорғағым келді. Алайда жақындай алмадым. Ағамды қорғай алмағаныма кешірім сұраймын», - деп жазады видеоны желіге жүктеген әншінің жанкүйері.

Сонымен бірге желі қолданушылары жанкүйерлерді тәртіпті болуға шақырып отыр.

«Оның денсаулығына кесіріміз тимесін! Мәдениетті болайық», «Фотоға түсіргенде, телефонның жарығын өшіріңіздерші, Димаштың көзіне әсер етеді», - деп жазады пікір қалдырушылар.

Кейбірі байқауды ұйымдастырушыларға сын айтып, жанкүйерлер арасында Димашты қорғайтын топ құруды ұсынған.

Соңғы жаңалықтар