Димаштың франциялық жанкүйері «Дайдидауды» қазақша орындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің франциялық жанкүйері қазақ тілінде «Дайдидау» әнін шырқап, оған сәлемін жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

YouTube видео-хостингіне жүктелген бейнежазбада Кларис есімді француз қызы «Дайдидауды»  бар ынтасымен орындап, Димаштың талантына ерекше тәнті екенін жеткізген.

Айта кетерлігі, Димаш Құдайберген 21 қаңтарда Қытайдағы «Singer 2017» байқауының бірінші кезеңінде әлемде ең қиын бес әннің бірі саналатын француздың «SOS d'un terrien en détresse» әнін шырқап, Қытай мен Франция елдерін таңғалдырған болатын. Францияда тұратын әйгілі әнші Лара Фабиан да қазақстандықтың өнерін бағалап, таңданысын жасыра алмады.

Димаштың PR менеджері Алпамыс өткен аптада әншімен бірге Париж қаласына барғандығы туралы және бұл сапарларының мақсатын жақын күндері жариялайтынын айтқан болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Дайдидау» әнін Димаштың қытайлық жанкүйерлері қытай тілінде шырқаған еді.

Айта кетейік, шыңжаңдық әнші Гао Иін (高樱) 2012 жылы аталмыш ән қамтылған халық әндері альбомын шығарып, италияның «Premio Lunezia» сыйлығын жеңіп алған бірден-бір қытайлық әнші атанды.

Соңғы жаңалықтар