Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 16 °С
Алматы: 24 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Димаштың фотосы Нью-Йорктің орталық алаңындағы экранда жарқ ете қалды

2017 жылғы 29 наурыз 19:58 5384
Бөлісіңіз:
Димаштың фотосы Нью-Йорктің орталық алаңындағы экранда жарқ ете қалды

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің фотосы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының орталық Манхэттен ауданында орналасқан Тайм Сквер алаңындағы үлкен LED экранында көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әншінің PR - менеджері Алпамыс Шаримов өзінің инстаграм жеке парақшасында жариялады.

«Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының бірі Нью Йорк қаласы, Тайм Сквердегі ең үлкен БАСТЫ ЛЭД дисплей! 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері, Dears-тың ықпалымен дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт өкілдері, Тайм Сквердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады!»,- деп жазды Шаримов.

Еске сала кетейік, Димаш қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып, ерекше талантымен әлемге танымал болған. Бұл күнде әншіге қытайлық жанкүйерлері ерекше ықылас білдіруде. Оның қытайлық weibo әлеуметтік жеке парақшасына жазылушылар саны 3 миллион 300 мыңнан асса, үлкен мерекелік шаралар мен концерттер Димашсыз өтпейтін болды. Әнші 27 наурыз күні Шанхай қаласындағы 24-кезекті «China Top music Awards» шарасының «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша марапатталды.

 

 

 


Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мұхтар Қалимоллаұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат