Димаштың Ақтөбеге барғандағы басты мақсаты белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақ әншісі Димаш Құдайберген қатысып жатқан Қытайдағы «Singer-2017» жобасының аясында Димаштың туған жері мен оқыған мектебінің түсірілімдері өтті. Конкурстың жетінші кезеңінен кейін Димаштың Қазақстанға келгендегі басты мақсаты да осы түсірілмдерге түсу. Бұл туралы оның ресми өкілі Алпамыс Шәрімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанға келгендегі сапарымыздың басты мақсаты - жоба ұйымдастырушылары Димаштың туған жерінің, мектебінің, әнші Димаш емес, студент Димаштың оқып жатқан жерін көріп, түсіргісі келді. Ақтөбеге де осы мақсатпен барғанбыз»,-деді Алпамыс Шәрімов.

Оның айтуынша, бұл жобаның түсірілімі сағат сағатымен жоспарланған екен. «Ақтөбеде Димаштың туған жерін түсірдік, жалпы, тұрға үйін, оқыған мектебін, колледжін түсірдік. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының көрікті жерлерін түсірдік. Ал, Астанада Димаштың қазіргі оқып жатқан академиясын, Астана қаласының әдемі жерлері туралы материал дайындадық»,-деді Алпамыс Шәрімов.

Бұдан бұрын хабарлағынымыздай, бүгін Астанадағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары мен студенттері Димашты қошаметпен қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар