Димашты «қара шаңырағы» Қытайдан кем емес қошеметпен қарсы алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін əнші, Қытайда өтіп жатқан əн байқауында бағы жанып, Орта Азия елдерінде кең танылған Димаш Құдайберген Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына келді. Ұстаздары мен достары Димашты үлкен қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті ұстаздар жəне достар, замандастар!. Шын жүректен бəріңізге алғыс білдіремін. Қатты тебіреніп тұрмын, сондықтан, дұрыс рақмет айта алмасам, айып етпеңіздер. Бүгін қара шаңырағыма келдім. Қазір өзімізді əлемге таныстыратындай мүмкіндігіміз бар жəне сол мүмкіндігімізді пайдалана білу керек»,-деген Димаш Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өнер академиясының ректоры Айман Мұсақожаеваға алғысын айтты. 
nullnullnull 

Айта кетейік, Қытайдағы «Singer-2017» əн шоуына қатысып жатқан Димаш Құдайбергеннің қазір танымалдығы қатты артып, кеше ғана шоудың жетінші кезеңінен кейін атақты француз əншісі Лара Фабианның өзі Димашты алтыншы кезеңдегі жеңісімен құттықтады. Оның алдында атақты актер Джеки Чан Димашпен кездесіп, оның əні мен күйін тыңдаған еді.
null 

Соңғы жаңалықтар