Димаш жанкүйерлеріне қытай тілінде алғыс айтты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне қытай тілінде өз қолымен жазған хатты оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнші хатты қытай тілінде жазуға көп күш салғанын жасырмады. Сондай - ақ,  бұл сөздерді жанкүйерлеріне бұрыннан айтуды ойлап жүрген.

«Құрметті менің достарым! Музыка әлемі бізді табыстырды. Қытайға келген қысқа ғана бес айда, менің өмірімде үлкен өзгеріс болды. Себебі сендердің бар болғандарың мені бақытқа бөлейді. Басқа тілде сөйлесек те, мен музыка арқылы сендерге менің ішкі әлемімді жеткізсем деймін. 23 жасқа келген мен, тіпті де құлшынып, сендер жақсы көруге және мақтан тұтуға лайық Димаш болуға тырысамын. Сендердің ыстық ықыластарыңа рахмет, мен сендерді сүйемін!», - деп жазылған хатта.

Айта кетейік, Қытай астанасы Бейжің қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлерге арналған «Тосын сыйға толы туған күн» атты ән кеші  өтуде. Жас таланттың Қытайдағы жанкүйерлері қытайдың бас қалалары және Астана қаласындағы LED экрандарда туған күн құттықтауларын жолдады. Кеште арнайы үлкен экраннан қытайлық танымал әншілердің де бейне құттықтаулары көрсетілді.

 

Соңғы жаңалықтар