Димаш жанкүйерлеріне конкурс жариялады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астана қаласында «Сәлем» әнімен бейнеролик жариялап, әлемдегі жанкүйерлеріне сәлем жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«BASTAU шоу концертіне 10 күн қалды! Егер сіз де концерттің бір мүшесі болғыңыз келсе, өз қалаңыздың ортасында Димаштың жаңа әнін айтып, осындай видео түсіріп бізге жолдаңыз. [email protected] немесе #FanDQ xэштегі арқылы әлеуметтік желіге жариялауға болады. Концертке келе алмасаңыз да, Astana Arena экрандарынан өз-өзіңізді Димаштың жеке концертінде көруге үлкен мүмкіндік бар! Бұл видеоны мен арнайы Астанада (мысал ретінде) сіздер үшін түсірдім! Ал кеттік!», - деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.

Weibo әлеуметтік желісінде қытайлық жанкүйерлер «Сәлем» әнін қызу талқылап жатыр. Жанкүйерлер әннің сөзін қытай тілінде жазып алып, жаттап алуға кірісіп кеткен. Сондай - ақ, қытайдың әр қаласындағы жанкүйерлер әнге бейнеролик түсіруге белсенді атсалысуда.

Жанкүйерлердің айтуынша, әннің қазақша сөздерін дыбыстау олар үшін қиындық тудыруда. Алайда, әннің ритмі көңілді әрі жеңіл болуы олардың әнді Димашпен бірге шырқауына жақсы мүмкіндік болған.

Айта кетейік, «Сәлем» әнінің сөзі Қанат Айтбаев, музкасы Димаш Құдайбергендікі.

Соңғы жаңалықтар