Димаш орындаған саундтрек видеосын 2 сағатта миллион адам көрген

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген орындауындағы қытай киносы «Battle of Memories»( 记忆大师) киносының саундтрегі  "Memories That Can't Take Away"  (拿不走的记忆) әнінің видеосы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео Sina сайтының Weibo парақшасына жүктелді. Небәрі екі сағатта оны көрушілер саны миллионға жақындады. Тыңдармандар Димаштың әнді қытай тілінде ерекше таза әрі жоғары деңгейде орындағанына шек келтірмеді.

Бұған дейін 5 сәуір күні қытайлық QQ music қосымшасына жарияланған әннің аудио нұсқасы түсірілім жағынан алдына жан салмады. Ал алдын ала қысқа таныстырылымының Weibo парақшасындағы көрілімі 6 миллионнан асып кетті.

«Battle of Memories» киносы 28 сәуір прокатқа шығады. Сюжет бойынша, кино 2025 жылы белгілі жазушы Жиаң Фың әйелімен арадағы кикілжіңнен кейін екеуінің 10 жылға созылған тату-тәтті өмірін жаңа технологияны пайдаланып есінен шығарып тастайды. Ал кейіннен әйелінің талабы бойынша  сол сәттерді есіне қайтарғанда, басына қылмыстық істердің уақиғалары оралады.

 

Соңғы жаңалықтар