Димаш Николь Кидманмен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Голливуд жұлдызы Николь Кидманмен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Инстаграмдағы парақшасында жариялаған суретінің астына Николь Кидманмен бірге қызыл кілемде жүріп өткенін жазған.

Сондай-ақ, қазақстандық әнші әлемдегі ең бай 10 бизнесменнің бірі, «Ali baba» компаниясының негізін қалаушы  Джек Мамен бірге түскен суретін жариялады.

«Қайта қауышқаныма қуаныштымы, Джек мырза. Шақырғаныңызға рахмет!», - деп жазды әнші.

Еске салайық , бұдан бұрын Димаш Құдайбергенге «Alibaba Group» қытайлық алпауыт интернет-компаниясының басшысы Джек Ма сыйлық тарту еткен болатын. 

Қызыл кілем. Николь Кидманмен. With @nicolekidman #DQ #DIMASH #Dears #Redcarpet

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Ноя 10 2017 в 3:25 PST

Соңғы жаңалықтар