Димаш қытайларға қазақша үйретіп жатыр

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - «Singer-2017» ән байқауына қатысып, қытайлық көрермендерді таң-тамаша еткен отандасымыз ертең байқаудың екінші кезеңінде өнер көрсетеді.

Жобаның бірінші кезеңінде ерекше көзге түскен жерлесіміз бұл күнде осы елде айтарлықтай жоғары танымалдылыққа ие болды. Алғашқы эфирден кейін әншінің Sina Weibo (Туиттердің баламасы) әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны бір сағатта 35 мыңнан 118 мыңға жетсе, бұл күні олардың саны 645 мыңнан асып кеткен.

Әншінің Weibo-дағы қазақша үйреткен видеоны көріп, қазақша үйренуге тырысқан қытайлардың саны 2 миллион 560 мыңға жеткен. 18 секундтық видеодан, Димаш жанкүйерлеріне «Мен сені сүйемін!» сөзін үйреткенін байқауға болады.

Айта кетерлігі, қазақ әншісі 28 қаңтар күні екінші кезеңде бақ сынайды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, әнші Витастың Опера2 әнін орындамақшы.

 

Соңғы жаңалықтар