Димаш Қытайдан қалыңдық іздеу туралы: Ол құпия

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда «Жылдың шебер шетелдік өнер адамы» номинациясы бойынша марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен «Beauty Touching At Chinese» қайырымдылық шарасының құрметті қонағы болып, «Memories That Can't Take Away» әнін шырқады.
null

Сондай-ақ, кешті ұйымдастырушылар, отандасымызға «Жылдың шебер шетелдік өнер адамы» марапатын табыстады.

Димаш өз кезегінде осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға ат салысып жүрген адамдарға алғысын білдірді.
null

Кеш жүргізушісі Димаштан Қытайдан қалыңдық табу туралы ойын сұрады. Әнші бұл сұраққа жауап беруге қиналатындығын жеткізді.

«Қалыңдығым туралы мәселе әзірге құпия», - деді Димаш.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген осы жылдың басында Қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып, екінші орын жеңіп алды. Отандасымыздың талантты өнері көптеген қытайлық және басқа елдердің жанкүйерлерін тәнті етті. Сонымен қатар, Димаш қытайдағы көптеген музкалық марапаттауларды жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар