Димаш Қытай еліне қазақ ұлты мен тілін танытты - Үрімжідегі қандасымыз

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген қазақ ұлты мен тілін танытты. Ол қарапайым және қазақы мінезге бай әнші. Қытай елі Димаш арқылы Қазақстанды тани бастады. Бұл туралы Қытайдың Үрімжі қаласында тұратын қандасымыз Шуақ Тұрсынәліқызы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Димаш ерекше әнші. Ол өзіне берілген кез келген әнді нақышына келтіре орындап, халықтың сүйіктісіне айнала білді. Алдағы уақытта еңбектеніп, жақсы нәтиже үшін тынбай жұмыс істесе, жеңіске жетеді. Біз қуаныштымыз. Себебі, қазіргі уақытта Қытай жастары Димаш арқылы Қазақстанды біліп жатыр. Ұлт пен қазақ тіліне деген қызығушылықтары артты. Әрі қандасымыздың қарапайымдылығы, қазақи мінезі көпті тәнті етті»,- дейді Қытай қазағы Шуақ Тұрсынәліқызы.

Шуақ Тұрсынәліқызы алдағы уақытта Қытайға келетін кез келген адам осы жолды жалғастырып, ресми, бейресми сапарға шыққан адамдардың қазақ тілінде сөйлесуін сұрады.

Соңғы жаңалықтар