Димаш Құдайбергенов қатысатын ән байқауының кестесі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хунан телеарнасындағы отандасымыз Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан «Singer2017» ән байқауының кестесі белгілі болды.

Телеарна сайтындағы мәліметке сәйкес, байқауға қатысушылар  жалпы 5 іріктеу кезеңінен өтіп, финалға шығады. Әр іріктеу кезеңінде әншілер 2 айналымнан өнер көрсетеді.

Бүгінде алғашқы кезеңнің екі айналымы өз мәресіне жеткенін ескерсек,  Димашты алда әлі 4 үлкен іріктеу кезеңі күтіп тұр.

Димаш Құдайбергенов байқаудың екі кереңінде сәтті өнер көрсетіп, аспанасты елін аузына қаратқан болатын. 

ҚазАқпарат агентігі оқырмандар назарына отандасымыз өнер көрсететін «Singer2017» ән байқауының  кестесін ұсынады.

I кезең: 21 және 28 қаңтар.

II кезең: 4 және 11 ақпан.

III кезең: 18 және 25 ақпан.

IV кезең:  4 және 11 наурыз.

V кезең: 18 наурыз, 25 наурыз.

Финал 1, 8 және 15 сәуір күндері өтеді.

Байқау әр аптаның сенбі күні Астана уақытымен 20:30-да эфирге шығатынын айта кеткен жөн.

null 

Соңғы жаңалықтар