Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлері Астанаға ұшып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық бір топ жанкүйер Димаш Құдайбергеннің жеке концертін тамашалау үшін Астанаға ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Sina Weibo әлеуметтік желісінде аспан асты елінің әр қаласынан елордамызға ат басын бұрған жанкүйерлердің фотолары жариялануда. «Бейжің-Астана» бағытындағы авиарейсте Қытай жұлдызы, Димаштың «Singer2017» байқауындағы басты қарсыласы және «Бастау» ән кешінің құрметті қонағы ЛиньЧжисюань (TerryLin) да бар.



Қытайлық қонақтардың жазуынша, «Эйр Астана» әуе компаниясының борты елорда әуежайына таңғы сағат 07.20-да келіп қонады.

Еске  салайық, «Бастау» концерті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 27 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Димаш Құдайберген концертке қатысатын әншілерді  көпшілікке жариялаған болатын. Олар - Қытайдың белгілі әншісі Терри Лин, Евровидения-2012 байқауының жеңімпазы Лорин (Швеция), Ұлыбритания әншісі Софи Элис Бекстор, Кристина Орбакайте (Ресей) және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген Астанада өтетін Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында 26 маусымда ЭКСПО-қалашығының амфитеатрында өнер көрсетеді. Оған сонымен қатар қазақ эстрадасының жұлдыздары мен Ақтөбе облысының шығармашылық ұжымдары қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар