Димаш Құдайберген танымал әнші КоКо Лимен бірге ән салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген танымал Азияға атағы жайылған КоКо Лимен бірге ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақ әншісінің Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасай отырып.

Концерт Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті, бұдан кейін Димаш Бейжіңге аттанды.

Congratulations my dear Coco!Really great concert!Thank you dears I love you!See you))) 亲爱的CoCo恭喜你 !非常精彩的演唱会!谢谢你,谢谢dears!我爱你们!

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on Sep 23, 2017 at 6:37am PDT

Айта кетерлігі, тұнық дауысымен тыңдарманының көңілінен шыққан 42 жастағы әнші келіншек Гонконгте дүниеге келген. Сахнаға 1993 жылдары шығып танылған. Кейіннен Тайваньға қоныс аударған. Қытай тілінің кантондық диалектісінде ән салады.

КоКо Ли талай әлемге танымал жұлдыздармен қосылып дуэт шырқаған.

Оның Димашпен бірге салған әнін жанкүйерлер жоғары бағалады. 

Соңғы жаңалықтар