Димаш Құдайберген «Singer» байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетіп жатқан қытайлық «Singer 2017» ән байқауының сегізінші кезеңі эфирден көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш қытайдың танымал әншісі және осы «Singer» байқауы үшінші маусымының жеңімпазы Хан Хунның «Таң атты» әнін шырқап, бесінші орынды иеледі.



Айта кетейік, сегізінші кезең Димаш үшін қиындықтарға толы болды. Қазақстанға сапары және демалыстың аздығының салдарынан әнші тұмауратып, тамағы қарлығып қалған. Дегенмен, отандасымыз сәтті өнер көрсетіп, төртінші айналымның (жетінші және сегізінші кезең) қортындысы бойынша бесінші болып келесі кезеңге өтті.



Төртінші айналымның қортындысы (жетінші және сегізінші кезең):

1. Ли Цзянь
2. Sandy
3. Линь Чжисюань
4. Lion тобы
5. Димаш Құдайберген
6. Чжан Цзе
7. Чжан Бэичен



 

Соңғы жаңалықтар