Димаш Құдайберген «Singer» байқауының сегізінші кезеңінде бесінші орынды қанағат тұтты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат  - 2 наурыз Қытайдағы Хунан телеарнасының «Singer 2017» ән байқауы сегізінші кезеңінің түсірілім жұмыстары аяқталып, жобаға қатысушы әншілердің қандай орын алғандықтары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Димаш бұл кезеңде қытайлық танымал әнші Хан Хунның «Таң атты» әнін орындады.

Sina weibo парақшадағы ақпараттарға сенсек, отандасымыз бүгінгі сында өнер көрсеткенде тамағы ауырған әрі шаршаған әнші өз бабында болмаған.

Еске сала кетейік, Димаш байқаудың жетінші кезеңінде қазақтың «Дайдидау» әнін орындап үшінші орынды иеленген. Бұл кезең эфирде 4 наурыз күні көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар