Димаш Құдайберген «Singer-2017» байқауының үшінші кезеңінде де үздіктер қатарында

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «I am a singer» байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі «Minnanwang » вебпорталына сілтемемен.

«Эфирден бұрын хабарлаймыз, Тань Цзин «Ынтызарлық» әнін түпнұсқадан да мықты орындап, бірінші орын алды. Ол осылайша көпшіліктің қолдауына ие болып келе жатқан Димаштан да басым түсті», деп хабарлайды портал.

Ал Чжао Лэй «Чэнду» атты халық әнін орындап, екінші орынға табан тіреді. Ал Димаш - үшінші және Чжан Цзе - төртінші тұр.

Димаш Құдайберген Queen тобының «Show must go on» әнін орындады. Басқа да байқау қатысушылар секілді Димаш та сахнаға гитарашылармен бірге шықты.

 

«I am a singer» байқауының үшінші кезеңінің түсірілімі 21 қаңтар күні өткен. Бірақ ол эфирге 4 ақпан күні кешке шығады.

«Weibo» әлеуметтік желісіндегі Димаштың жұмыс тобында 3-кезеңнің суреттері жарияланды. Онда жерлесіміздің стилисті BG Fashion, визажист әрі шаштаразы - DO Fashion, бет-бейнесін жасаушы - LANVIN 16AW екендігі айтылған.









Соңғы жаңалықтар