Димаш Құдайберген «Сакура фестивалі» концертіне қатысты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Димаш Құдайберген ҚХР Хунань провинциясының Чанша қаласында өткен «Сакура фестивалінің» ашылу салтанатына арналған кешкі концертке қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

Димаштың өнеріне тәнті азаматтардың бірінің Weibo әлеуметтік желісіне орналастырылған видеосында қазақстандық өнерпаздың «Singer» байқауының бағдарламасы аясында айтқан «SOS d'un terrienen détresse», «Күзгі мұң», «Adagio» сияқты әндерін орындағандығын көруге болады.

 

Концертке кіретін билеттің құны 520 юань немесе 24 мың теңге.

Айта кетейік, бүгін Хунань телеарнасының эфиріне «Singer» байқауының 8-ші кезеңінің көрсетілімі шықты. Бұл кезеңде Димаш 5-ші орын алған болатын.

 

Димаш аты аңызға айналған қытай әншісі Хань Хуннің «Таң атты» әнін қытай тілінде орындаған болатын.

 

9-шы кезеңнің көрсетілімі сенбі, 17 наурыз күні эфирге шығады. Алайда, Димаштың бұл кезеңде 2-ші орын алғаны белгілі. Ол танымал канадалық әнші Селин Дионның «All bymyself» әнін орындады.

Соңғы жаңалықтар