Димаш Құдайберген Париждегі қайырымдылық кешінде ән салды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Парижде өткен қайырымдылық кешінде ән шырқағаны туралы видео желіде кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Аталған кешті Global GiftFoundation қоры ұйымдастырды. Сол жерде кино мен музыканың танымал жұлдыздары,сондай-ақ белгілі бизнесмендер мен филантроптар болды.

Димаш Құдайберген  француз әншісі Грегори Лемаршальдің «SOS d'un terrien en detresse» атты әнін орындап берді.

Айта кетейік, дәл осы шығарманың арқасында Димаш Құдайберген Қытайдағы «I am Singer» байқауында жарқ етіп шыққан болатын.  Отандасымыз қытайлық тыңдарманның жүрегін елжіретіп, бірден бірінші орынға көтерілген еді. Бұл композицияда француздың Грегори Лемаршаль атты жас әншісінің бүкіл өмірі, мұңы мен зары, қиял-арманы көрініс тапқан. Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өткен оның өмірі муковисцидоз сияқты айықпас дертке шалдыққандар үшін ғана емес, он екі мүшесі сау адамдар үшін де қажымас қайрат пен ерік-жігердің символына айналды. ҚазАқпарат тілшісі миллиондаған тыңдарманның жүрегін елжіретіп, көңіліне медеу болған әннің тарихы жайында жазған болатын .

Finally #Dimash singing. Just amazing!! #GGICannes17 With #DimashKudaibergen #EvaLongoriaBaston #MariaBravo @moutoncadet_officiel #globalgifters #helpingothers

Публикация от Global Gift Foundation (@globalgiftfoundation) Май 19 2017 в 3:00 PDT

Соңғы жаңалықтар