Димаш Құдайберген өмір бойы нені армандайтынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Лос-Анджелесте белгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьеффпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Димаш Инстаграмда жарияланған роликтің астына: «Аты аңызға айналған продюсер әрі композитор @wafanasieff-тің үйінен эксклюзивті кадрлар. Бұл кісінің қарапайымдылығы мен даналығына тамсанамын. Үйге шақырғаныңызға рахмет! Видеодағы - мен өмір бойы армандап келетін «Грэмми» статуэткалары», - деп жазды.

Америка, г. Лос - Анджелес. Эксклюзивные кадры из дома легендарного продюсера и композитора @wafanasieff. Я поражаюсь простоте и гениальности этого человека.Спасибо что пригласили к себе домой.На видео те самые статуэтки Грэмми о которых я мечтаю всю свою жизнь) ____________________________________ America, Los Angeles. Exclusive photos from the house of the legendary producer and composer @wafanasieff. I am amazed at the simplicity and genius of this man. Thank you for inviting me to your home. In the video, those very figurines of the "Grammy" which I dream about all my life) #DQ #DIMASH #Dears

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on Nov 23, 2017 at 8:47am PST

Бұрын әнші рульде отырған Уолтер Афанасьефф көлігімен Димашты жеткізудің үлкен абырой екенін мойындаған видеосын бөліскен болатын. «Бұл мен үшін мәртебе, Қазақстан! Менің ең сүйікті әншім, вокалист Димаш менің машинамда отыр! Сене алар емеспін! Рахмет!», - деген продюсер өз эмоциясын жасыра алмады.

Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол “GRAMMY” жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жумыс жасаған ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған "Титаник" телефильмінің саундтрегі "My heart will go on" əнін де дүниеге алып келген осы Уолтер мырза. «Красавица и Чудовище», «Аладдин» (1992), «Телохранитель» (1992), «Только ты» (1994), «Геркулес», «Игра» (1997), «Другая сестра» (1999), «Госпожа горничная» (2002). Джеймс Бонд "Лицензия на убийство" фильмдерінің əндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз) @wafanasieff and @flavienpianist #DQ #DIMASH #Dears

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on Nov 20, 2017 at 6:52pm PST

«Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол «GRAMMY» жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жұмыс жасаған ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған «Титаник» телефильмінің саундтрегі «My heart will go on» əнін де дүниеге алып келген - осы Уолтер мырза. «Құбыжық пен сұлу», «Аладдин» (1992), «Жеке қорғаушы» (1992), «Сен ғана» (1994), «Геркулес», «Ойын» (1997), «Бөтен қарындас» (1999), «Үй күтуші ханым» (2002).  Джеймс Бондтың «Өлімге берілген рұқсатнама» фильмдерінің əндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз», деп жазды Димаш Инстаграмдағы парақшасында.

Уолтер Афанасьефф «Грэмми» сыйлығын алғаш рет 1999 жылы «Жылдың үздік жазбасы» аталымында продюсер ретінде, екіншісін 2000 жылы «Жыл продюсері» аталымында алған.

Соңғы жаңалықтар