Димаш Құдайберген кезекті жеңісін ұстазы Марат Әйтімовке арнады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Weibo awards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таяуда ғана туған жерінде бір апта демалған Димаш Құдайберген осы жылдың алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол Weibo awards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясын жеңіп алды. 

«Осы сыйлықты алуыма сіздер себеп болдыңыздар. Қажырлы еңбектеріңізбен маған дауыс бердіңіздер. Үміт ақталды. Өзімнің, барша тыңдармандардың атынан сыйлықты ұстазым Марат Әйтімовке арнаймын»,- деді әнші Димаш Құдайберген.  Ал ұстазы Марат Әйтімов: «Эмоциядан жүрегім аузыма тығылды, сөзім жоқ»,- деп өз ризашылығын білдірді. 

Соңғы жаңалықтар