Димаш Құдайберген Голливуд марапатын иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы «I'm a singer» жобасына қатысып, танымалдыққа ие болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кезекті марапатына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш орындаған «Moonlight over the Sea» əні АҚШ-та өткен HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS марапат кешінде «Видео ойындағы үздік саундтрек» аталымы бойынша жеңіске жеткен.

«Құрметті, менің тыңдармандарым! Қуанышты хабарыммен сіздерді қуантуға асықпын. Бүгін Америкада Голливудта «HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS» марапаттау кешiнде «Moonlight over the Sea» атты əнім «Видео ойындағы үздік саундтрек» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Композитор Thomas Parisch мырзаны, осы жобаға атсалысқан америкалық əріптестерімді, өз командамды шын жүректен құттықтаймын! Тілеулес ағайынға барша жерлестеріме, осы уақытқа дейін менімен бірге болған тыңдармандарыма үлкен алғыс білдіремін», - деп жазды әнші Инстаграмдағы парақшасына. 

Үздік санудтрек атанған «Moonlight over the Sea» əні Қытайдың «Moonlight Blade» атты 3D форматтағы онлайн интернеттік ойынына арнап жазылған.  

Айта кетейік, Тәуелсіздік күні Димаш өзінің әлемдік турнесіне аттанады.

Әншінің әлемге жасаған алғашқы ән сапары Қытайдың Чаңша қаласында 16 желтоқсан күні басталады және қаңтар айында өзге мемлекеттерде жалғасын табады. Билеттер 20 қарашадан бастап ресми түрде сатылымға шығарылады.

Еске сала кетсек, Димаш Қытайдағы «Singer 2017» байқауынан кейін қытайлық кино «Battle of Memories» киносының саундтрегі  «Memories ThatCan't Take Away» әні және голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегі «Go Go Power Rangers» әнін орындаған болатын. 

Фото instagram.kz

Соңғы жаңалықтар