Димаш Құдайберген екінші рет Қытайдың ең танымал әншісі атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Top global Chinese music awards жүлдесінің "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«CCTV телеарнасы жыл сайынғы Top global Chinese music awards атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі кеште "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет", - деп жазды Димаш Инстаграмдағы өз парақшасына.

Айта кетейік, «Singer 2017» ән додасында екінші орын алғаннан кейін Димаштың Қытайда және басқа да елдерде танымалдылығы арта түсті. 2017 жылы ол Қытайдың бірқатар жүлделерін жеңіп алды.

Өткен айда Димаш Құдайберген Қытайдағы Global golden chart awards салтанатты кешінде «Үздік әртіс» номинациясында жеңімпаз атанды.

Еске сала кетсек, желтоқсан айында Қытайда жас әншінің D-Dynasty атты әлемдік турнесі басталды. 

Соңғы жаңалықтар