Димаш Құдайберген «China Top music Awards» шарасында қызыл кілеммен жүріп өтті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда ерекше танымалдылыққа ие болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Shanghai Media Group компаниясы ұйымдастырып отырған 24-кезекті «China Top music Awards» сыйлығын табыс ету салтанатты шарасының қызыл кілемімен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш бұл шарада «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popular singer) номинациясына ұсынылғандардың қатарында. Осы кеште Димаш өзін барша әлемге танымал болуына себепші болған әлемде ең қиын бес әннің бірі саналатын француздың «SOS d'un terrien en détresse» әнін шырқайтын болады.

null

null 

Айта кетейік, «China Top music Awards» - 1994 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан дарынды орындаушыларды марапаттайтын шара. Ол Қытай музыкалық қоғамдастығындағы ең айтулы оқиғалардың бірі саналады. Сонымен қатар осы сыйлықты «қытайлық Грэмми» деп те атайды. 

Соңғы жаңалықтар